Қауіпсіздік

Subaru компаниясының әр қызметкері автокөліктің — жай ғана көлік құралы емес екеніне сенімді. Біз автокөлік арманды жүзеге асырып, еркіндік пен өмірде ұмытылмас сәттерді сыйлауы керек деп санаймыз. Бірақ сонымен бірге жүргізуші мен жолаушылардың ғана емес, жалпы барлық адамдардың өмірін сақтау үшін біздің жауапкершілігіміз бірнеше есе артады. Сондықтан біз көліктеріміздің қауіпсіздігін жетілдіру жолында ешқашан тоқтамаймыз.

Қозғалыс қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету біз үшін күн сайын өзімізге өзіміз қоятын сынағымыз.

Күтпеген жағдайлардың алдын алу үшін Subaru автокөліктері өзінің әр автокөлігінде керемет көру мүмкіндігі мен керемет басқару жеңілдігін ұсынады. Сонымен қатар біз жүргізушінің қателіктерінің тәуекелін азайту үшін превентивті қауіпсіздіктің озық технологияларын әзірледік.

Қауіпті анықтау – оны жеңу жолындағы алғашқы қадамы

Subaru компаниясында жүргізушіге қауіпті жағдай туралы уақытылы хабарласа, көптеген ЖКО-ны болдырмауға болатынына сенімді. Барлық Subaru автокөліктері биіктігі бір метр болатын нысандар терезелер арқылы кез келген бағытта көрінетіндей жасалған. Автокөліктерді әзірлеуге осындай көзқарастың қажеттілігі мен маңыздылығының айқын үлгісі – көліктің айналасында ойнайтын балалардың жүргізуші орнынан көрінуін қамтамасыз ету. Тіректер жүргізуші орнынан шолуды қиындатпайтын, сондай-ақ барлық бағыттарда керемет көрінуді қамтамасыз ететіндей орналастырылған. Капот көру аймағында болғандықтан, автокөлік өлшемдерін ең жақсы сезіну қамтамасыз етіледі. Бұл қиын жағдайда тұраққа қою мен маневр жасауды жеңілдетеді.

Жүргізушінің орны

Басқаруға көбірек назар аударуға арналған эргономика және дизайн

Subaru инженерлері навигацияны, аудио жүйені немесе климатты бақылауды пайдаланған кезде жүргізушіні алаңдататын факторлар азайтылған интерьер дизайнын әзірледі. Мұндай дизайнды жүзеге асырудың бір үлгісі – навигациялық экранды, көп функциялы дисплейді және басқа жүйелерді басқару элементтерін аспаптар қалқанымен бір деңгейде орналастыру, бұл көздің ең аз қимылымен ақпаратты ыңғайлы оқуға мүмкіндік береді. Басқа жиі қолданылатын басқару элементтері, мысалы, аудиожүйені басқару тақтасы және климатты басқару тақтасы орталық консольдің төменгі жағында орналасқан. Жүргізуші орнынан оңай қолжетімді арнайы пішінді түймелер мен үлкен қосқыштарды пайдалану функцияларды сипалап тауып басқаруды жеңілдетеді.

Сақина пішінді көтергіш қаңқа

Subaru қауіпсіздік тұжырымдамасының мәні

1996 жылы Forester автокөлігінің бірінші буыны шыққан кезде Subaru компаниясы салонды алдыңғы жағынан, алдыңғы жақтан ығыстырылған, бүйірлік және артқы жағынан соқтығысулар кезіндегі соққылардан қорғайтын сақина пішінді көтергіш қаңқаның қолданылуы туралы жариялады. Forester қауіпсіздіктің жоғары деңгейінің арқасында бүкіл әлемде сатылымдар хитіне айналды. Оның конструкциясында төбе мен еденді күшейтілген бүйірлік бойлық арқалықтары мен бүйірлік табалдырықтары бар бүйірлік бағандармен біріктіріп тұратын сақиналы құрылым қолданылған, бұл автокөліктің бүкіл салонын құрсаулайтын тор түзіп тұрады. Мұндай конструкция салонның сенімді қорғанысын қамтамасыз ете отырып, соқтығысу кезінде кез келген бағыттан келетін соққыларды тиімді сіңіріп алады. Сақина пішінді көтергіш қаңқа өз атауын Forester дебютінен кейін және 1989 жылы бірінші буындағы Legacy шыққаннан кейін алды, онда да осы тұжырымдама қолданылған. Бастапқыда бұл шешім ығысқан соқтығысулар орын алған кездегі шанақтың қауіпсіздігін күшейту ретінде қарастырылды, дегенмен, әр тіректің төбе мен еденге қосылуының ерекше сақина пішінді құрылымы қауіпсіздіктің жоғары деңгейін көрсетті.

icon icon icon icon icon

www.subaru-kuldzhinka.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.